МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ
Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы арзандады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қыркүйекте жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері барреліне 0,72 долларға арзандап, 74,25 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің бір баррелі 1,37 долларға түсіп, 68,76 доллар болды.