АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ
Әлеуметтік жағынан тұрақты, орнықты экономика қалыптастыру қазіргі кезеңдегі экономиканың негізгі міндеті мен мақсатына айналып отыр. Осы орайда Қызылорда облысында әлеуметтік тұрақтылық орнықты сақталуда.
Айталық, бағаның елеусіз көтерілгеніне қарамастан (103,1%), бөлшек тауар айналымындағы (101,1%) оң динамика біз үшін өте маңызды. Бұдан халықтың сатып алу қабілетінің біршама жоғарылағанын көреміз.
Экономикадағы оң үдерістің ықпалы жыл бойы өңірдегі жұмыссыздық деңгейін 4,8%-тен асырмай ұстауға мүмкіндік беруде. Бұл тіпті республиканың орташа көрсеткішінен бірнеше сатыға төмен.
Экономиканы әртараптандыру биыл да өңірдің басты міндеті болып қала береді. Индустрияландыру картасының аясында облыста 22 жоба жүзеге асырылды, қазір оның 16-сы бойынша өнім өндіріліп, 1700 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Биылғы 6 айда осы жобалар шеңберінде жалпы құны 11 млрд теңгеден астам өнім шығарылды. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30%-ке артық. Ал, осы Карта жобалары негізінде өндірілген өнім экспорты 37%-ке көбейген.
Қазір жалпы құны 620 млрд теңге болатын, экспортқа бағдарланған тағы 26 жобаны жүзеге асыру жұмыстары бас¬талды. Нәтижесінде, тағы да 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 4 жоба бойынша – молибден өндіру және балық өңдеу, сонымен қатар, цемент және шыны зауыттарын осы жылы іске қосу жоспарлануда.