ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ 38 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТЫ
Соңғы мәлімет бойынша биыл Қызылорданың бюджеті 38 млрд теңгеден асты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,3%-ға көп. Ал Қызылорданың жеке табысы бір жарым есе өсіп, негізгі бюджеттің 39%-ға жуығын құрап отыр.
200 мыңнан астам халқы бар облыс орталығының бюджеті халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге, коммунальдық шаруашылықты нығайтып, білім беруге, тұрғын үй және әлеуметтік мәдени нысандар салуға бағытталған.
«Таратып айтатын болсақ, биылғы жылы қаржының 31,3%-ы білім беру саласына, 30%-ға жуығы коммунальдық шаруашылыққа, 23%-дан астамы құрылыс саласына бөлінген», - деп түсіндірді Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.