НҰРЛЫ ЖОЛ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 17 АВТОЖОЛ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ
Қызылорда облысында Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында қойылған міндеттерді орындау мақсатында 17 автожол жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Оның үшеуі – республикалық маңыздағы жолдарды қалпына келтіру немесе жөндеуге қатысты, қалған 14-і – облыстық маңыздағы жолдар бойынша», - деп нақтылады облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Марат Бәйімбетов.
Сондай-ақ, оның ақпаратынша, келесі жылы Қызылорда облысында стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бірқатар жобаны іске асыру басталады.
«Бұл, мысалға, «Бозкөл - Тасарық» автожолын қалпына келтіру, Сырдария арқылы өтетін бірнеше көпір үшін ЖСҚ дайындау, «Жезқазған – Қызылорда» тас жолының 60 шақырымын қалпына келтіру, «Самара – Шымкент – Бекбауыл» жолы учаскесінің құрылысы», - деп түгендеп берді ол.