ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН ГАЗДАНДЫРУ ШОБ-ТЫ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
Алдағы 2 жылдың ішінде жүзеге асыру көзделіп отырған Қызылорда облысы аудандарын газдандыру жобасы ауылдарда ШОБ-ты дамытуға серпін береді, деп хабарлайды BNews.kzі.
«Ауылдық елді мекендер «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы газдандырылады, - дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бастығы Мұрат Имандосов. – Оның ішінде көгілдір отынды өңір аудандарындағы жеті индустриялық аймаққа жеткізу жоспарланып отыр. Арзан газ бен өзге де инфрақұрылымдар бар кезде, өңірдің индустриялық аймақтарында шағын және орта бизнес жобаларын оңай жүзеге асыруға болады. Қазір болашақ нысандардың алдын ала тізімі жасалып жатыр».
Имандосовтың айтуынша, индустриялық аймақтарды салу жұмыстары аяқталып қалған.
«Биыл аймақтардың инфрақұрылымдарына 834,7 млн теңге бюджет қаржысы бөлінді. Кәсіпкерлерді жолмен, электр қуатымен, байланыспен қамтамасыз етеміз. 900 гектардан астам жер ШОБ нысандарына үлестіріледі, экономиканы дамыту үшін бұл өте тиімді», - деп түйіндеді ол.