ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰН ТАРТАТЫН ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
«Кеңестік кезеңдерде Арал ауданында ұн тартатын диірмен кешені болды. Кейін өндіріс шикізатының тапшылығы салдарынан жұмысын тоқтатуға тура келді», - дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосов.
Бүгінгі күні құрама жем өндіріп келе жатқан «Жан-Арай жем» ЖШС бұдан әрі ұн тартатын цехтың жұмысын жандандыруды жоспарлап отыр.
Қазір аталған жобаны іске асыру үшін сала аралық байланыс орнатылып, мәселенің шешу жолдары қарастырылуда. Ұн шығаратын аграрлық кәсіпорын қажетті шикізатпен қамтамасыз етілетін болады.