АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІН ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БІРҚАТАР ҰСЫНЫСТАР ЖАСАЛДЫ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «ҚазАгро» Агроөнеркәсіп еншілес компанияларына аудандық бөліністе басым бағыттар бойынша жобаларды қаржыландыру индикаторын енгізуді ұсынды. Бұл жөнінде аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен облыс әкімі жанындағы кәсіпкерлер кеңесінде облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Руслан Досмаханов хабарлады.
Палата директоры Р.Досмаханов Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған негізгі бағыттардың бірі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін Ұлттық қор арқылы жасалып жатқан көмектің дер шағында беріліп жатқандығын айта келіп, кеңес төрағасына шағын кәсіпорындар мен ауылдық жердегі кәсіпкерлер үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар маңызды ұсыныстарын жеткізді.