ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫ ХАЛЫҚТЫҢ ЕТКЕ ҚАЖЕТТІЛІГІН ӨТЕЙ АЛМАЙ ОТЫР
Қызылорда облысы өзге өңірлер мен шетелден ет тасымалдаудан бас тарта алмайды, өйткені өңірдің аграрлық секторы қажеттілікті толық өтемей отыр, деп хабарлайды BNews.kz.
«Жыл басынан бері Қызылорда облысында 11174 тонна ет өндірілді. Оның 6541,1 тоннасы сиыр, 2531,9 тоннасы қой мен ешкі, 1609,4 тоннасы жылқы, 407,9 тоннасы түйе, 76,6 тоннасы шошқа, 7,1 тоннасы үй құсының еті. Халықтың етке қажеттілігі әзірге толық өтелмеуде, мәселен, сиыр еті сұраныстың 82%-ын ғана жабады», - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы Мал шаруашылығын дамыту бөлімінің бастығы Ғабит Далдабаев.
Дегенмен мал шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. Қазір өңірде 31 бордақылау алаңы жұмыс істеуде, оның 18-і ірі қараға арналған. Қазалы ауданында тағы бір бордақылау алаңын салуға «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы арқылы кредиттік қаржы бөлу жайы қарастырылуда. Қазірдің өзінде 41 миллион теңге көлемінде алғашқы транш аударылыпты.