БҮГІННЕН БАСТАП ЖАҢА 500 ТЕҢГЕЛІК ҚОЛДАНЫСҚА ШЫҒАДЫ
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев номиналы 500 теңгелік жаңа банкнотты таныстырды, - деп хабарлайды https://kaz.tengrinews.kz/.
"Бүгіннен бастап бастап Қазақстан аумағында дизайны өзгерген номиналы 500 теңгелік жаңа банкнот қолданысқа шығады. Банкнота жоғары номиналды. Банкнотаның бір жағында "Қазақ Елі" монументі мен көгершіндер бейнеленсе, екінші жағында Қазақстан картасының фонындағы Каспий теңізі бейнеленген. Банкнотадағы жазба кириллицада жазылған, себебі оны дайындау жұмыстары 2015 жылы бастаған", - деді Данияр Ақышев.
Банк төрағасының айтуынша, ескі банкнот 2020 жылдың 20 маусымына дейін қабылдана береді. Бірақ банк өкілдері оның бұдан да ерте қолданыстан шығарылады деп болжап отыр.