КЕЛІМБЕТОВ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТӨМЕНДЕТУГЕ УӘДЕ БЕРДІ
Қазақстан үшін инфляцияның өзі емес, оның импортталуы қауіпті. Мәжілісте "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюжет туралы" заң жобасын талқылау барысында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлімдеді.
Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
"Инфляцияға келсек, біз үшін инфляцияның импортталу қаупі мейлінше проблема туғызуы ықтимал. Соның ішінде, ондай импорт көршілес экономикадағы валютаның құнсыздануымен байланысты болуы да мүмкін. Сондықтан да, біз бүгінгі күні мемлекеттік органдармен бірлесіп, негізгі орташа жылдық кезең бойынша ақша-кредиттік саясатты нығайтумен шұғылданып жатырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша, үш жылдық кезеңде айқындалған 6-8 пайыздық инфляция дәлізін төмендететін боламыз", - деді Ұлттық банк басшысы.
Оның айтуынша, инфляцияны 6-8 пайыздық дәлізден 5-7 пайыздық дәлізге төмендету үшін Ұлттық банктің монетарлық саясатында да, Үкіметтің одан тыс жұмысында да тиісті тетіктер баршылық.
Сонымен қатар, Бас банкир контрциклді бюджеттік саясатқа тоқтала келе, бұл ең алдымен әлемдік дамудың алмағайып кезеңінде экономикалық өсімді ұстап тұру үшін жасалатынын атап өтті.
"Сондықтан да, Ұлттық қордан тартылатын қосымша қаражат біздің есебімізше экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде ұстап тұруға септігін тигізеді", - деді Қайрат Келімбетов.