МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР: БЮДЖЕТ КІРІСІН БАҚЫЛАУДАҒЫ ЖАҢА ЖҮЙЕ, ТИІМДІ ҮРДІС
Қараша айының 4-нен бастап, облыстық Салық департаменті мен Кедендік бақылау департаментін біріктіру жолымен құрылған жаңа құрылым – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өз жұмысын жүргізе бастады.
Облыстағы бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдар басшыларына жаңа құрылымның басшылары таныстырылды.
Облыстық департамент басшысының міндетін атқарушы Қалдарбеков Мұса Оспанұлы мемлекеттік бюджет түсімінің толық және ашық болуын бақылайтын негізгі органдарды қайта жасақтаудағы басты міндеттерді қысқаша түсіндірді.
Негізгі мақсат – тауарлардың ел шекарасынан кіруінен бастап тұтынушысына жетуіне дейінгі аралықтағы барлық қозғалысына бақылауды күшейту арқылы әкімшілдендіруді жетілдіру, көлеңкелі экономиканы азайту. Нәтижесінде, бюджет кірісін молайту. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілердің бірыңғай ақпараттық дерек қоры қолжетімді болады. Ең бастысы - қадағалау мен бақылау біріздендірілген соң, мемлекеттің кірісі молаяды, салықтан жалтару мүмкіндігі азаяды.
Қазіргі дамыған және бәсекеге қабылетті болуға ұмтылған Қазақстан үшін салық мәдениетін көтеру өте маңызды. (Егер 90-шы жылдар басында бұл көрсеткіш 15-20 пайыз деңгейінде болса, қазір 90 пайызға жеткен). Салық төлеушінің құқықтық сауаттылығын көтеру және бақылау органдарына сенімін арттыру – мемлекеттік кірістер органдарының басым стратегиясының бірі.
Брифингте, сонымен қатар, Департамент басшысының кеден ісі жөніндегі мәселелерге және экономикалық қылмыстармен күрес бағытына жетекшілік жасайтын орынбасарлары таныстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 тамыздағы №933 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» Қаулысы негізінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аумақтық органдары құрылған болатын.
Бахыт ОРДАНОВА