НҰРЛЫ ЖОЛ: КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ «ҚЫЗЫЛОРДА – ЖЕЗҚАЗҒАН» ТАСЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖОСПАРЛАНУДА
«Қызылорда – Жезқазған» тасжолы жаңартылғаннан кейін Қызылордадан Астанаға алып баратын жол қысқарады, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, қызылордалықтар бұл тасжолдың жөнделуіне мүдделі, өйткені Қызылордадан Астанаға дейінгі жол бүгінде 1917 км құрайды, Жезқазған арқылы жол ашылса, бұл қашықтықты 1100 км-ге дейін қысқартуға болады. Қазіргі таңда «Қызылорда – Жезқазған» жолының сапасы өте нашар, қатынау қиынға соғып жүр. Сонымен бірге тасжолдың бір бөлігі – облыстық, екінші бөлігі – республикалық маңызы бар жол.
Қызылорда облысы автожолды қайта құрылымдауға әзір. Енді республикалық жолдың мәселесі қаралуда. Биылғы жылы 59 км республикалық маңызы бар тасжол үшін жобалау жұмыстары жүзеге асырылды. Сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне 36,9 млрд теңге бөлуге өтінім берілді.