ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫНА 4 ЖОБА ҰСЫНДЫ
Қызылорда облысында аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Қызылордалық кәсіпкерлердің құны 80 млн. теңге болатын 4 жобасы қаралып мақұлданды. Аталған жобалардың несие пайызы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында субсидияланады. Сонымен қатар, екі жоба екінші деңгейлі банктерден несие алу үшін 50%-дық кепілдендіру бойынша қолдау тапты.
«Наурызбаева П» ЖК және «БөгенСтройТранс Сервис» ЖШС-і мемлекет қолдауы аясында Қызылорда қаласында қонақ үй кешендерін ашуды жоспарлап отыр. ЖК «Нағызбаев» болса жүк тасымалымен айналысып келеді, ендігі жоспары автокөлік паркін жаңарту мақсатында жаңа көлік сатып алуды көздейді.
Жеке кәсіпкер Айдос Сайлығараевтың жобасы «Даму» Қорының 50% жобаларды кепілдендіру бағдарламасы аясында қолдау тапты. Кәсіпкер Қызылорда қаласына танылмал болып үлгерген «Браунис» маркасымен кондитерлік өнімдер шығарады.
Бүгінгі таңда кәсіпкердің шағын өндірістік компаниясы жергілікті нарықты тапшы өнімдердің бірқатар түрлерімен қаматамасыз ете отырып, жергілікті халықты жаңа жұмыс орындарымен қаматамасыз етті. "Браунис" кондитерлік цехында бүгінде 50 Қызылордалық азамат жұмыс жасайды және кәсіпкер одан әрі өндірісін дамыта отырып, қызметкерлер санын 200-ге жеткізуді жоспарлайды.