ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА БАР МҮМКІНДІК ЖАСАЛҒАН - ҚЫЗЫЛОРДА
Соңғы төрт жылда еліміздегі индустрияландыру картасына Қызылорда облысынан жалпы сомасы 251,1 млрд. теңгені құрайтын 56 жобаның енгені белгілі. Бұл жобалар халық шаруашылығының 11 саласын қамтып, 8000 жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Алғашқы екі жылда 22 жоба іске қосылса, оның құны 86,7 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Ел бойынша индустрияландыру картасына жалпы құны 27,6 млрд. теңгені құрайтын қызылордалық үш жоба енгізілсе, аймақтыққа 60 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба кірген. Бағдарламаның алғашқы жылы 26 млрд. теңгені құрайтын 11 жоба жүзеге асырылды. Осы кезеңде 400-ден астам жергілікті тұрғын жоғары әрі, тұрақты жалақымен қамтамасыз етілді.
Аймақтағы индустрияландыру бағдарламасы тек жобалармен шектеліп қалып отырған жоқ. Жергілікті кәсіпкерлер де орта және шағын нысан құрылыстарын қолға алып, өндірістің дамуына үлес қосып жатыр.