ЖЫЛ БАСЫНАН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА 6 920 МЛН. ТЕҢГЕ САЛЫНДЫ
Қызылорда облысы бойынша биыл жыл басынан бері тұрғын үй құрылысына 6920 млн.теңге салынды, бұл 2016 жылғы қаңтар-ақпандан 38,1%-ға жоғары. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен хабарлады.
«2017 жылғы қаңтар-наурызда халық салған тұрғын үйлерді қосқанда жалпы тұрғын үйлер алаңы шығынының 1 шаршы метрі орта есеппен 63,6 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, 855 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, олардың 850 тұрғын және бесеуі тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар», делінген хабарламада.