ХИМИЯЛЫҚ РЕАГЕНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРДЫ
Қызылорда облысындағы химиялық реагент зауыты үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қайта жаңғырып, толық қуатында жұмыс жасай бастады, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Мұнай саласындағы маңызды кәсіпорын отандық нарыққа осыдан 5 жыл бұрын келді. Бастапқыда өндірілген өнім көлемі 5 тонна ғана болса, қазір бұл көрсеткіш 4 есе артқан. Өндіріс ошағы биыл да жаңғыртудан өтті. Бұл мақсатқа кәсіпорын 20 миллион теңге қаржы жұмсады.
Мұндай жетілдірілген кешеннің мұнайлы өлке - Сыр өңірі үшін маңызы зор. Бүгінде мұнда 6 түрлі өнім дайындалады. Жоғары сапалы химреагенттер қара алтынның құрамын бөгде қоспалардан тазартуға арналған.
Компанияның заманауи технологиясы барлық тапсырыстарды сапалы әрі уақтылы орындауға мүмкіндік ашты. Сонымен қатар өндірістің экологияға әсері де ескерусіз қалмаған. Бұл тұрғыда мамандар жүргізген зерттеулер нәтижесі оң бағаланып отыр.