НАУРЫЗДАҒЫ КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ ШАМАСЫ 20 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН СӘЛ ҒАНА АСТЫ
Қызылорда облысының статистика департаментінен хабарлағандай, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2017 жылғы наурызда өткен аймен салыстырғанда 1,7%-ға, 2016 жылғы желтоқсанмен – 5,2%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,8%; сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға – 16,5%; жемістер мен көкөністерге – 11,2%; нан және жарма өнімдеріне – 8,6%; қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,9%-ды құрады.