КӨКӨНІСТЕР, БАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ТАҒАМЫНЫҢ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 100,8%-ды, азық-түлік емес тауарларға - 100,2%-ға , ақылы қызметтер 100,0% құрады. Бұл туралы Қызылорда облысының статистика департаментінен хабарлады.
Өткен айда бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге - 5,5%, оның ішінде: жуаға - 25,9%, картопқа - 11,1%, қырыққабатқа - 8,6%, қызанаққа - 6,4%, сәбізге - 4,3%, жарма өнімдеріне - 3,3%, балалар тағамына - 2,9%, балық және теңіз өнімдеріне - 2,4%, тоқаштар мен ұннан жасалған өнімдерге - 2,0%, етке - 1,1%, сүт өнімдеріне - 0,9% белгіленді. Керісінше жұмыртқа бағасы - 8,7%, қарақұмық жармасы - 2,3%, өсімдік майы - 1,7%, жаңа жиналған жемістер 0,9%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға көлік қызметіне - 0,3%, оның ішінде: қалааралық автобусқа - на 11,1%, ұшаққа - 5,4%, демалыс және мәдениет саласындағы қызметтерге - 0,2% өсті. Бағаның төмендеуі саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 0,6% байқалды.