ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ФЕРМЕРЛЕР «СЫБАҒА» БАҒДАРЛАМАСЫНА ЗОР ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТЫП ОТЫР
Қызылорда облысының фермерлері «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына зор қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратынша, биыл мал өсірушілер жоспарға сәйкес, «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1700 бас мал сатып алулары қажет болған. Алайда қазіргі таңда жоспар 163 пайызға артығымен орындалды. Облыстың мал өсірушілері Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және басқа да өңірлерден асыл тұқымды ірі қара әкелді.
Айта кетсек, Қызылорда облысында асыл тұқымды мал өсірумен 90-нан астам шаруашылық айналысады: Ірі қара мал – 14, қой – 36, түйе – 19, жылқы – 22. Селекциялық жұмыстар жүріп жатыр, әсіресе асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры мен еділбай қойларына сұраныс жоғары.