НЕГІЗГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ?
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдың 7-14 қазан аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады:
Шымкентте сатылымда өнімнің мөлшері азайып, тұрғындар тарапынан сұраныс артқандықтан (консервілеу кезеңі), тұз бағасы 11%-ға 36-дан 40 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Сатылымда жергілікті тауар өндірушілердің арзан өнімінің мөлшері азайғандықтан, Алматыда алмұрт бағасы 12%-ға 279-дан 313 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Сонымен бірге сатылымда өнім мөлшерінің азаюы себебінен Алматыда жүзім 10%-ға 385-тен 425 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Павлодарда керісінше өнімнің сатылымдағы мөлшері ұлғайып, көтерме сауда бағалары төмендеді. Ол жүзім бағасының 10%-ға 500-ден 450 теңге/кг-ға дейін төмендеуіне әкелді.
Нарықта қымбаттырақ жылыжай өнімінің мөлшері ұлғайып, көтерме сауда бағалары артқандықтан, қызанақтың бөлшек сауда бағалары Ақтауда 25%-ға 200-ден 250 теңге/кг-ға дейін, Оралда 17%-ға 120-дан 140 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 16%-ға 95-тен 110 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 13%-ға 163-тен 185 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Шымкентте керісінше нарықтың жергілікті тауар өндірушілердің өнімімен қанығуы себебінен қызанақ бағасы 10%-ға 100-ден 90 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Сатылымда ашық топырақ жағдайында өсірілген арзан қияр өнімінің жылыжай өнімімен алмастырылуымына қалаларда қияр бағасының маусымаралық өсіміне себеп болды: баға Ақтауда 33%-ға 150-ден 200 теңге/кг-ға дейін, Оралда 25%-ға 160-тан 200 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 15%-ға 228-ден 263 теңге/кг-ға дейін, Қостанайда 13%-ға 240-тан 270 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 11%-ға 270-тен 300 теңге/кг-ға дейін артты.
Астанада сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы себебінен(өнімнің негізгі қорынқыс мерзіміне сақтауға қалдыру) пияздың бөлшек сауда бағасы 18%-ға 77-ден 91 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Сонымен бірге осы себеппен Астанада картоп 12%-ға 69-дан 77 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Павлодарда тағы осы себеппен қызылша 17%-ға 60-тан 70 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Астана мен Өскеменде алхоры бағасының маусымдық өсімісәйкесінше16%, 259-дан 300 теңге/кг-ға дейінгі және 10%, 283-тен 312 теңге/кг-ға дейінгікөлемде байқалды. Бұл - өнімді жинау науқанының және қорлардың аяқталуы әсерінен орын алған жағдай.
Нарықта оңтүстік өңірлерден әкелінетін жергілікті тауар өндірушілердің арзан өнімінің басым болуы Астанада шабдалы бағасының25%-ға 468-тен 350 теңге/кг-ға дейін төмендеуіне әкелді.
Жеткізілім мөлшерінің азаюынан және сатушылардың көтерме сауда бағаларын арттыруы салдарынан тәтті бұрыш бағасы Астанада 17%-ға 175-тен 205 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 12%-ға 170-тен 190 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 10%-ға 100-ден 110 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Осы себеппен Талдықорғанда баялды бағасы 16%-ға 122-ден 142 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның баспасөз қызметі