АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ 2 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СОМАҒА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СУБСИДИЯЛАР АЛАТЫН БОЛДЫ
Мақұлданған жобалардың неғұрлым көп бөлігі мынадай бағыттарға тиесілі: етті бағыттағы ірі қара мал өсіретін шаруашылықтарды техникамен жабдықтау (45 жоба), суару жүйелерін – жаңбырлату мен тамшылатып суаруды енгізу (25 жоба), мал басы 600 саулықтан кем емес шаруашылықтарды кеңейту және техникалық жарақтандыру (23 жоба).
ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА.
Ірі қара малдың (бұдан әрі – ІҚМ) тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтау
|
||
Жоба атауы |
Инвестор шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру үлесі |
Жоба саны |
Етті бағыттағы ІҚМ өсіру бойынша шаруа және фермерлік қожалықтарға техника мен жабдықтар сатып алу |
50% |
45 |
Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту |
||
600 сиырдан тұратын сүтті-тауарлы фермаларды салу және кеңейту |
20% |
1 |
100 сиырдан тұратын сүтті-тауарлы фермаларды салу/кеңейту |
50% |
1 |
Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаңдарын құру және кеңейту |
||
Сыйымдылығы 3000 мал орнынан кем емес бордақылау алаңдарын салу/кеңейту |
50% |
1 |
Жемшөп өндірісі бойынша кәсіпорындар/шаруашылықтар құру және кеңейту
|
||
Құрама жем зауыттарын салу/кеңейту |
20% |
2 |
Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу |
||
Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымының құрылысы |
80% |
7 |
Етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту
|
||
Қуаттылығы 500 аналық мал басынан кем емес етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды өсіру бойынша шаруашылық-репродукторлар салу/кеңейту |
50% |
1 |
100 биеден тұратын фермаларда тауарлық малдарды өсіру бойынша шаруашылықтарды кеңейту және техникалық жарақтандыру |
50% |
5 |
600 қойдан тұратын фермаларда тауарлық малдарды өсіру бойынша шаруашылықтарды кеңейту және техникалық жарақтандыру |
50% |
23 |
Құс шаруашылығында кәсіпорындарды құру және кеңейту
|
||
Жылына 3000 тонна жаңа салқындатылған етті шығару үшін күркетауықты өсіретін, соятын және оның етін қайта өңдейтін жұмыс істеп тұрған құс шаруашылығы кешендерін кеңейту |
20% |
1 |
Суару жүйелерін құру және кеңейту
|
||
Жаңбырлатып және тамшылатып суарудың суландыру жүйелерін енгізуді инвестициялық субсидиялау |
30% |
25 |
Астық және жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту |
||
5000 тоннадан бастап астық сақтау қоймаларын салу және кеңейту |
20% |
2 |
Көкөністер және жемістер өсіру бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту |
||
Жылыжай кешенін салу және кеңейту |
30% |
2 |
Сүт және сүт өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, тасымалдау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту |
||
Сүт қабылдау пункттерін құру |
30% |
1 |
Сүтті қайта өңдеу, сүт өңдейтін зауыттарды тәулігіне 40 тонна сүтті қайта өңдеуге кеңейту |
30% |
1 |
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және сақтау бойынша кәсіпорындар құру және кеңейту
|
||
Жеміс-көкөніс өнімдерін консервілейтін кәсіпорындар салу |
30% |
1 |
Кондитерлік өнімдер өндіру |
||
Кондитер өнімдерін өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту |
30% |
1 |
Бекіре және албырт балық түрлерін көбейту бойынша индустриялық балық өсіру кәсіпорындарын салу (тауарлы балық өсіру)
|
||
Тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларын қолдана отырып, өндірімділігі жылына 50 тонна балық және 3,2 тонна азықтық уылдырық беретін бекіре балықтарын өсіретін индустриялық балық шаруашылығы кәсіпорындарын салу |
20% |
1 |
Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
«Қазагромаркетинг» АҚ инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы болып табылады және инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.
Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық субсидиялар төленеді. Инвестициялық субсидиялар инвесторлардың Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтейді.
Инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесін өтеуге бағытталған.
Инвестициялық субсидиялау ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 29 сәуіріндегі №421 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның (Астана, Алматы ққ., облыс орталықтары мен 160 ауданда орналасқан) аймақтық желісі мен сall-орталығының негізінде (8 800 080 70 80 нөмірі бойынша) ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін инвестициялық субсидиялауға қатысты түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған (Қазақстан бойынша стационарлық және ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін).
«ҚАЗАГРОМАРКЕТИНГ» АҚ-НЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ