2016 ЖЫЛҒЫ ҚАРАШАДАҒЫ ТҰТЫНУ БАҒАСЫНЫҢ ИНДЕКСІ
2016 жылғы қарашадағы тұтыну бағасының индексі 101,2% құрады, деп хабарлады Қызылорда облысының Статистика департаментінен.
Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарларына - 1,2%-ға, ақылы қызметтерге - 0,2%-ға өсті.
Өткен айда бағаның өсуі жұмыртқаға 17,9%-ға, жемістер және көкөністерге - 8,2%, шикі сүтке - 7,9%, мал майы – 7,1% шайға – 4,1%, темекі өнімдеріне – 3,5%-ға белгіленді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 6,2%, тұрмыстық аспаптарға-2,0%, киім және аяқ киімге және фармацевтикалық өнімдерге - 1,6%-дан, үй тұрмысына қажетті заттарға - 0,6%-ды құрады. Дизель отыны бағасы - 2,2%, бензин - 1,3%-ға жоғарылағаны байқалды.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға жолаушылар әуе көлігі 4,3%-ға, медицина қызметі 3,1%-ға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер 2,0%-ға өсті.
Айта кетейік, тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтынуы үшін сатып алған, тауарлар мен қызметтерге баға деңгейінің барлық уақыт ішіндегі өзгерісін сипаттайды.