КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ 19 339 ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
2016 жылғы қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 19 339 теңгені құрады, деп хабарлады Қызылорда облысының Статистика департаментінен.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 9,9%-ға төмендесе, 2015 жылғы желтоқсанмен – 7,5%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,8%; сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 16,9%; жемістер мен көкөністерді – 10,1%; нан және жарма өнімдерін – 9,9%; қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,9%-ды құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.