ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ АУҚЫМДЫ ЖОБА
Бүгінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің реконструкциясы Қазақстандағы ең ауқымды жобалардың бірі болып отыр. Көлік дәлізінің жалпы қашықтығы 8445 шақырымды құрайды.
Жолды басынан аяғына дейін 7-10 күн ішінде жүріп өтуге болады екен. Оның ішіндегі 2787 шақырымы Қазақстан арқылы өтеді. Дәлірек айтсақ, Ақтөбе облысынан басталып, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл және Алматы облыстары арқылы жүреді. Елімізден өтетін 2787 шақырымдық транзиттік жол құрылысының 2452 шақырымы негізінен бұрынғы ескі жолды толықтай реконструкциялаудан тұрады екен. Оған қоса, жол бойында эстакадалар, екі деңгейлі 66 көлік жол айырығы, 8 ірі көпір, демалыс алаңдары, су өткізетін құбырлар, елді мекендерді сырт айналып өтетін жолдар салыну үстінде.
Негізінен магистралды көлік дәлізі 2015 жылы іске қосылады деп күтілуде. Алайда, осы уақыт аралығында «Ғасыр жобасы» жұмыстарының жандануына елеулі еңбек етіп келе жатырған «Сине Медас Құрылыс» ЖШС компаниясын атап өтпеуге болмас.
Өңірімізде жұмыс атқарғандарына бесінші айға жуықтаса да, ешбір дау-дамайсыз тыңғылықты істер атқаруда. Әсіресе, ауданымыздың түкпір-түкпірінен жұмысқа тартылған 45 адам бүгінде өз отбасын осы жұмыс арқылы асырап отыр.
Сонымен қатар, заманауи техникалармен толық жабдықталған компания өз жұмысын қазан айының ортасында тапсырады екен.