ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА АС ТҰЗЫН БАЙЫТУ КӘСІПОРНЫ САЛЫНБАҚ
Қызылорда облысында жұмыс істеп тұрған тұз өндірісін кеңейту үшін тағы бір өнеркәсіптік кешен салу жоспарлануда, деп хабарлайды BNews.kz.
«Облыста жалпы қоры 166,7 млн тонна болатын ас тұзының екі кен орны бар – Жақсықылыш және Арыс. Жақсықылыш кен орнында «Аралтұз» АҚ тұз өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеумен айналысады. Өндіріс көлемін әрі қарай арттыру үшін ас тұзын байыту бойынша тағы бір кешен салу мәселесі қаралып жатыр», - деді облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Нариман Пірім.
Сондай-ақ Қызылорда облысында Жақсықылыш шұңқырында 126 сульфатты көл мен ұлутас анықталды. Солтүстік-Батыс Арал маңында натрий сульфаты табылғаны белгілі. Пірімнің пікірінше, мұндай алғышарттардың барлығы бірқатар өндіріс ашуға қолайлы жағдай туғызады.