КҮРІШ ЖИНАУ БИЫЛ БІР АПТАҒА КЕШІКТІРІЛДІ
Күріш жинау науқаны биыл өткен жылмен салыстырғанда бір аптаға кешіктірілуде. Егін жұмыстарының өткен жылмен салыстырғанда ауа райының қолайсыздығына байланысты кеш егілген-ді. Енді егін жинау толығымен 15 қазанда бітеді деп күтілуде. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дәуірбек Әбуов кеше облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
- Бүгінгі таңда негізгі дақыл күріштің 91,7 пайыз орылып, 74,2 пайызы бастырылды. Орташа өнім 45 центнерден деп естептелуде. Мал азығын дайындау жұмыстары да 101 пайызға орындалып отыр», -деді басқарма басшысы.
Айта кету керек, 17-19 қазан күндері қала күндерімен қатар «Алтын күз 2014» мерекесі аталып өтеді. 19 қазан күні азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарлануда.
Шынар БЕКБАН