ӨНІМНІҢ БАҒАЛАРЫ ТӨМЕНДЕГЕНІ БАЙҚАЛАДЫ
Қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету, еңбек нарығында тұрақты жағдайды ұстап тұру мақсатында қалалық дағдарысқа қарсы штабы құрылып, тұрақты жұмыс жасап келеді. Облыс әкімінің жоспарына сәйкес, бүгінгі күнге Қызылорда қаласында жыл басынан 8 штаб отырысы өткізілді.
Бағынбайтын базар бағасы сынды проблемалар көтерілген жиында азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бағытында сауда орындары мен базарлардағы 33 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына күнделікті мониторинг жүргізіліп жатқаны айтылды. Мәселен, 14 өнім бойынша бағалардың тұрақтылығы сақталса, (күріш, ұнтақ жармасы, тары жармасы, нан, вермишель, сиыр еті, қой еті, рожки, 2,5%-3,2% майлылығы бар сүт өнімі, тұз, картоп, сәбіз, қызылша). 9 түрлі өнімнің бағалары 0,2 – 15,1 пайызға төмендегені байқалады.