АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ
Ауыл шаруашылығы техникасын несиелік серіктестіктер арқылы сатып алу қазақстандық шаруалар арасында кең тараған тәжірибе, - деп хабарлады «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі.
«Биыл жаңа жүйе іске қосылды. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын несиелік серіктестіктер (НС) жүйесі арқылы сатып алу. Аталған өнім - екінші деңгейлі банктер арқылы табысты жүзеге асқан автонесиелеудің баламасы.
Бұған дейін де НС ауыл шаруашылығы техникасын несиелендіретін еді, бірақ несиелер кепілге ғана берілетін. Ауыл шаруашылығында кепіл қою мәселелесіне байланысты біз жаңа жүйе енгізу туралы шешім қабылдадық. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын алғашқы жарнамен сатып алу», - деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Айжан Кенжебаева.
Оның айтуынша, аталған өнімнің ерекшелігі сол, бастапқы жарна ақшалай да, жер учаскесі, техника, тұрғын үй, автокөлік секілді кепіл түрінде де қабылданады. «Аталған өнімнің динамикасын зерттей келе, оның шаруалар арасында табысты жүзеге асқанын толық сеніммен айта аламыз. Биыл 3 ай ішінде бізге 300 миллион теңгеге өтінім түсті. Бұл тек қана тіркелген өтінімдер, құжаттар пакетін жинап жүрген тағы көптеген ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бар», - деп толықтыра түсті Айжан Кенжебаева.
Ақмола облысындағы несиелік серіктестіктер бірінің төрайымы Бағила Бұрымбаева несиелеудің жаңа тәсілі енген соң, ауыл шаруашылығы техникасын несиеге алғысы келетін шаруалар санының күрт өскенін атап өтті.
«Біз, «Болашақ» НС алғашқылардың бірі болып, Ақмола облысының Астрахань ауданында 2003 жылы құрылдық. 13 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Несиелік серіктестіктер заңының талабы бойынша, 20 адамнан бастадық. Қазір бізде 50-ден астам адам бар. Ең басты артықшылық - кепілзат, сол себепті бүгінде «Ауыл шаруашылығы техникасын несиелеу» бағдарламасы несиелік серіктестіктер арқылы өте ыңғайлы» , - дейді Б.Бұрымбаева.
Ауыл шаруашылығы техникасын алу үшін техника құнының 20% көлемінде бастапқы жарна төленуі тиіс.
«Маған ұсыныс жасалды. Үш дана трактор алуға болады деді. Жарнаны төлеп, үш техника- трактор, жинағыш пен дестелегіш сатып алдым. Енді анағұрлым тиімдірек жұмыс істей аламын», - деді ақмолалық жеке кәсіпкер Авхад Акаев.