2017 ЖЫЛДАҒЫ ДЕПОЗИТТЕРДІҢ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРЛЕМЕСІ БЕКІТІЛДІ
2017 жылда жеке тұлғалар үшін теңгелей депозит мөлшерлемесі 14%, өзге валютада – 2% болады. Мұндай шешімді «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ директорлар кеңесі қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазіргі кездегі Қор ұсынған сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап та сол деңгейде қалады. Депозиттік нарық конъюнкторында өзгерістер болған жағдайда Диреткорлар кеңесі немесе Акционерлік қоғам мөлшерлемені қайта қарастырады.