ҚАЗАҚСТАН ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ АРТТЫРУҒА МҮДДЕЛІ
Бұл туралы геология және жер қойнауын пайдалану комитеті хабарлады. Соңғы 5 жылдың ішінде отандық геолог-барлаушылар Қазақстанның жер қойнауында 500 тоннаға жуық алтын, 8 миллион тонна мыстың және миллионға жуық мырыштың бар екенін анықтады. Мұнай мен табиғи газдың жаңа кендері анықталды. Бүгінгі күні біздің еліміз Пайдалы қазбалардың қоры бойынша әлем бойынша 6 орында тұр.
2011 жылдан бері жер қойынауын пайдалануға инвестициялардың ағылып келуі 12 триллион теңгеден астам соманы құрады, оның он бесінші бөлігі геологиялық барлауға жұмсалды. Алайда мамандардың ойынша салым тарту мәселесі әлі де өзекті болып отыр.
Бұл туралы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Жер қойнауын игеру мен қайта өңдеуге арналған конференцияда сөз етілді. Кездесуде біздің геолог-барлаушыларымыз бірқатар кен орындарының ашылғанын, соның ішінде сирек кездесетін және қымбат металдардың бірі литий анықталғаны туралы хабарлады. Соңғысы мобильді құрылдар мен электромашиналарға арналған аккумуляторлық батареяларды өндіруде пайдаланылады.
Соңғы алты жылдың ішінде бір тонна литий карбонатының құны бір мың доллардан 14 мың доллларға дейін өсті. Мұндай жобаларды қаржыландыруға ниет білдіргендердің саны аз емес.
Мамандардың айтуынша, оларға қатаң заңдар кедергі болуда.
- Тау-кен кодексіне енгізілетін түзетулер әзірленуде. Келесі жыды Парламент тау-кен кодексін қабылдауы тиіс. Бұл ретте, 2018 жылдан бастап, біз жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың жаңа әдістерін белсенді түрде қабылдай бастаймыз. Бұл бізге жаңа инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті өз сөзінде ҚР Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев.