ШЫҒАРЫЛҒАН ӨНЕРКӘСІП ӨНІМДЕРІ ЕҢ ТӨМЕН 7 ӨҢІР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Индустриялық бағдарламаның арқасында бүгінгі күні кен өндіру өнеркәсібіндегі төмендеудің орны өңдеу салаларындағы оң серпінмен толығып отыр. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6 пайызды құрады. ¤ңдеу бөлінісінде металлургия өнімдерін өндіру - 7,8, ағаш бұйымдары - 8,7, тамақ өнімдері - 3,5, дәрі-дәрмек препараттары - 2,1, резеңке және пластмасса - 1,8, сондай-ақ мұнай өңдеу 0,4 пайызға өсті», - деді ол.
Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсімге машина жасаудағы 18,6 пайыздық төмендеу кері әсер етуде. Бұл ретте өңірлік бөліністе өнеркәсіп өнімдері шығарылымының өсуі 9 өңірде, төмендеу 7 өңірде тіркелген.
«Көшбасшы үштікке 5,2 пайыздық өсіммен Қарағанды облысы, 4,9 пайыздық өсіммен Оңтүстік Қазақстан облысы,4,5 пайыздық өсіммен Ақмола облысы кірді. Ең көп төмендеу Қызылорда облысында - 10,0, Маңғыстау облысында - 3,6, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында - 2,5 пайызға байқалып отыр», - деді Бишімбаев.