ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС НЫСАНДАРЫНА ПРЕСС-ТУР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
«Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырды.
Пресс-тур барысында журналисттер отбасылық бизнес негізінде құрылған үш шағын және орта бизнес - нышандырының жұмысымен танысты. Биылғы жылы Елбасымыз өзінің халыққа жолдауының негізгі бағыттарының бірі ретінде отбасылық бизнесті дамытуды атап өтіп,шағын және орта бизнес ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрге айналуы тиіс екендігін халыққа жеткізді. Міне, осы ретте Даму Қоры бүгінгі таңда Қызылорда облысында мемлекет бағдарламасы аясында өз бизнесін жандандырып отырған отбасылардың кәсібімен танысуды жөн көріп отыр.
Алғашқы болып, БАҚ өкілдері «MEDIUM» ЖШС-нің урология және андрология медициналық орталығының салтанатты түрде ашылуына қатысты. Клиниканың ашылу презентациясына арнайы келген «Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ-ның бас директоры, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алшынбаев Мырзакәрім Кәрімұлы құттықтау сөз сөйлеп, республика көлемінде андрология және урология саласында қызмет көрсететін осындай көп салалы орталық тұңғыш рет ашылып тұрғандығын атап өтті. Сонымен қатар республиканың бас урологы бұл медициналық орталық Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығыңының филиалы болатындаған айтып өтті.
Жалпы бұл компания 2001 жылы құрылып, осы уақыт аралығында фармацевтикалық тауарларды өткізу мен медициналық қондырғыларды сатумен айналысып келген, ал 2014 жылдың ақпан айында «Цеснабанк» АҚ-нан алынған 61 млн.теңге көлеміндегі несие қаражатына үлкен медициналық орталық ашты. Несие 14 %-бен беріліп, оның 7%-ын «БЖК2020» бағдарламасы аясында мемлекет өтеп келеді.
Мемлекет қолдауы нәтижесінде медициналық орталықта жаңа 35 жұмыс орны ашылып, қазіргі таңда клиникада түрлі салада медициналық қызмет көрсетіліп, ота жасалынады. Сондай-ақ орталықтың бір ерекшелігі онда тәулік бойы стационарлық орталық қызмет көрсетеді. «MEDIUM» медициналық орталығы отбасылық бизнес негізінде қалыптасқан, Табынбаева Мадина директор қызметінде басқару жұмыстарымен айналысады, ал оның жолдасы атақты дәрігер, профессор Табынбаев Нариман Болтайұлы өзінің білікті дәрігерлерден құрылған командасымен бірге халыққа медициналық қызмет көрсетеді.
Келесі кезекте пресс-тур «Томирис жүрегі» балабақшасында жалғасты. Отбасылық бизнес негізінде құрылған бұл бизнестің бастамасы 2013 жылы жеке кәсіпкер Айкенже Мұқанованың үш бірдей баласын балабақшаға орналастыру керек болғанда туындаған. Қызылорда қаласында әлі де болса балабақша тапшылығы бар екендігін көрген отбасы, ортақ шешімге келіп, қала орталығынан «Томирис жүрегі» балабақшасын ашты. Қазіргі таңда балабақшада 100-ден аса бала тәрбиеленіп, дәріс алуда. Қаржы көзін «БанкЦентрКредит» АҚ-нан 18 млн.теңге көлемінде несие ретінде тартып, жеке кәсіпкер Айкенже Мұқанова оны мемлекеттік бағдарлама шеңберінде субсидиялау нәтижесінде, несиенің пайыздық үстемесін 7 пайызға дейін арзандатты. Сондай-ақ қазіргі таңда балабақшада «БЖК2020» бағдарламасының 4-ші бағытының «Аға сеньорлар» компоненті аясында Канадан арнайы шақыртылған сарапшы Гарт Хендрен мектеп жасына дейінгі балаларды жетілдіру бағдарламасын ендіру мақсатында жұмыс жасауда
Айкенженің айтуынша, ол жолдасы Марат Киякбаевпен бірге ақылдаса келе мемлекеттік жеңілдікті пайдалана отырып, қазіргі таңда балабақшаны кеңейтуді және жеке мектеп ашуды жоспарлауда.
Пресс-тур соңында журналисттер жеке кәсіпкер Болат Ұзақовың өндіріс базасында болып қайтты. Тағы бір бизнесі өркендеген отбасы Ұзақов Болат Шайканұлы жұбайымен бірге құрылыс материалдары өндірісін қолға алғалы бірнеше жылдың жүзі болды және осы жылдар аралығында кәсіпорын біраз табыстарға да жетті. Жеке кәсіпкер Ұзақовтың құрылыс материалдарын шығару өндірістік жобасы Қызылорда облысының индустриалды картасына енуі кәсіпорынның аймақтың экономикалық дамуына біршама үлес қосатынын білдіреді. ЖК Ұзақов 2014 жылы өз жобасына «Банк Центр Кредит» АҚ-нан 40 млн. теңге несие алды. Осы несиені аталған мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен қайтару пайызын 7-ге дейін жеңілдетті. Сонымен қатар, «Даму» КДҚ» АҚ тарапынан Ұзақов Болаттың жобасына қажетті несиені алуы үшін 20 млн. теңгенің кепілдемесі берілді. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде 40 қызметкері бар отбасылық кәсіпорын Қызылорда облысы көлемінде сапалы құрылыс материалдарымен және сенімді серіктес кәсіпорын ретінде табысты қызмет жасауда.
Қазірігі таңда кәсіпорында Жапондық технология бойынша кірпішті күйдіруге арналған пештің құрылысы аяғына жақындаған, ол іске қосылған сәттен бастап кәсіпкер 1 күнде 30 000 дана кірпіш шығаруға мүмкіндік алады. Сонымен қатар кәсіпкер тағы да қосымша 30-ға жуық жаңа жүмыс орындары ашылады деп жоспарлауда.
Пресс-тур барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал директоры Жансұлтан Матаев журналисттерге арнайы брифинг ұйымдастырып, аймақта «БЖК2020» бағдарламасының жүзеге асуы бойынша айтып өтті.
- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы кәсіпкерлерді қолдаудың нақты құралы ретінде танылып, оған деген бизнес-қауымдастықтың сұранысы күткендегіден де асып түскендігін атап өтуге болады. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бастап, құны 19,68 млрд теңгені құрайтын 208 субсидиялау келісім-шартына қол қойылып, осы уақыт аралығында «БЖК2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілерінің жоблалары бойынша 1,5 млрд. теңге көлемінде субсидия төленді. Ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша барлығы 1 020,42 млн. теңге көлеміндеі 44 жоба қолдау алып, 70 %-ға дейінгі Даму Қорының кепілдемесін алу арқылы шағын және орта бизнес өкілдері 7 % несиеге қол жеткізе алды. Сонымен қатар Қызылорда облысы кепілдендіру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша республика көлемінде үздіктер қатарында келеді. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Қызылорда облысында 7 180 жұмыс орны сақталып, жаңа 3 626 жұмыс орны ашылды.- деді Жансұлтан Матаев.
Қызылорда облысы бойынша
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы