ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТӨРТ ЖЫЛ ІШІНДЕ ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС СЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ ҮШ ЕСЕГЕ ӨСТІ
Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.
- Өңдеу секторының өсімі ағымдағы жылы 15,4%-ды құрады. Ал, егер неғұрлым ұзақ мерзімді үрдісті (динамиканы) алып қарайтын болсақ, онда, мысалы, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, облыстағы шикізаттық емес сектордың өндіріс көлемі 2,8 есеге артса, республика бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен небары 17,8%-ға ғана өскен. Осы кезеңде өңіріміздегі өнеркәсіптің шикізаттық емес секторындағы еңбек өнімділігі 5,2 есеге (ҚР – 195%) артты, ал, өңдеу өнеркәсібінің өңірдің жалпы өніміндегі үлесі 2 еседен артық (2012 ж. 2,3%-дан 2015 ж. 5,2%-ға дейін) өсті,- деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы шикізаттық емес сектордың даму қарқыны бойынша Қызылорда облысы бүгінгі күні республиканың өзге облыстары арасында көшбасшы екендігін тілге тиек етті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, өңдеу саласының қарқынды өсімі 2014 жылдың қыркүйегінен бастап байқалуда. Яғни, бұл – аймақ экономикасын әртараптандырудың нақты дәлелі.