ЕҚДБ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ КОНСАЛТИНГТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН КӨРСЕТТІ
Қызылорда қаласында «Консалтинг күні: Бизнестің тиімділігін арттыру» атты семинар өтті. Семинарды өткізуге Қазақстанның ең үздік бизнес-тренерлері арнайы шақыртылды. Қызылорда облысының 60 аса шағын және орта бизнес өкілдері кәсіпорынның тиімділігін арттыру үшін консалтинг мүмкіндіктерін пайдалану туралы білетін болады. Шараны «Даму» Қорының Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының, Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Сыр бойы» Қызылорда кәсіпкерлері қауымдастығының қолдауымен Еуропалық қайта құру және даму банкінің ШОБ қаржыландыру және дамыту тобы ұйымдастырды. Семинарды өткізу мақсаты – отандық бизнеске адам қорларын, сату және қаржыны басқару, халықаралық сапа стандарттарын енгізу және бизнесті дамыту мүмкін болатын ортаны қалыптастыру. Мысалыға, кәсіпкерлерге компанияның табысын арттыру, тауар/қызметті ілгері қозғауда бренд қуатын қолдану, адам қорын тиімді басқару, клиентке бағдарланған қызмет көрсету және басқа да маңызды ақпаратты егжей-тегжейлі айтып берді. Алматы, Астана және Ақтөбеден шақыртылған бизнес-тренерлер келесі тақырыптарға презентация өткізді? «Жапондық Кайдзен басқару тәжірибесі: өзіндік құнды азайту, өнім сапасы мен бәсекеге жарамдылығын арттыру»? «Кәсіпорын табысын арттыру. Кейстермен жұмыс»? «Қызметкерлерді тиімді басқару. DIS Cтипологиясы – қызметкерлеріңізге кілт»? «Бренд қуатын қалай қолдануға болады?»? «Ойлаудағы тәртіп – компаниядағы тәртіп» немесе «Бизнестің тиімділігі қалай көтеруге болады?»? «Бизнесте клиентке бағдарланған қызмет көрсетуді қалай дамытуға болады? Компанияның өмірінде CRM маңызы»? «Кәсіби кеңесшілерді минималды шығындармен қалай жалдауға болады?» Семинар «жанды қарым-қатынас» форматында өтті. Презентацияны тыңдап болғаннан кейін кәсіпкерлер бизнесі туралы сұрақтар қойып, жан-жақты талқылап, бағалы кеңестер ала алды. Кәсіби кеңесшілердің көмегімен бизнесін дамытқан отандық кәсіпкерлердің оқиғалары шабыттандыратын мысал болды.
«Біз осындай шараларды еліміздің барлық аймақтарында тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Кәсіпкерлердің консалтинг қызметтерінің заманауи нарығы туралы және оның бизнесті дамытуға тигізер пайдасы туралы білуі өте маңызды» - деп атап өтті ЕҚДБ Қазақстандағы шағын бизнесті қолдау бойынша бағдарламаның өкілі Асель Алдиярова. «ЕҚДБ семинарлары мен қаржылық қолдауы қазақстандық бизнестің тиімділігін арттыру мақсатында қызмет етеді. Осы шараға шақырылған кеңесшілердің барлығы қазақстандық және тек қана отандық тәжірибеге негізделген кейстермен бөліседі». ЕҚДБ – Қазақстандағы еңірі инвесторлардың бірі. Және ол экономиканың түрлі салаларын қаржыландыру меншіктелмейді. Банктің қолдауымен қазақстандық кәсіпкерлер экономиканың түрлі салаларында кеңестер ала алады. Бұл бағдарлама 2020 жылға дейін есептелген және «Бизнестің жол картасы - 2020» жобасының, оның ішінде «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» төртінші бағытының шеңберінде іске асып жатыр. Кәсіпкерлер консалтинг қызметтердің құнының 75% өтейтін грантты ЕҚДБ-дан ала алады. (Бір кәсіпорынға берілетін гранттың сомасы 10 000 еуродан аспайды).
Банк Қазақстан экономикасына 6,5 млрд еуро инвестиция жасады. 2016 жылы ЕҚДБ 700 млн еуро инвестиция жасауды жоспарлап отыр.