ЖЫЛ БАСЫНАН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ 5,4 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда инфляция 5,4% құрады. Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы сегіз айда 5,2%, азық-түлік емес тауарларына - 6,1%, ақылы қызметтерге - 4,9%-ға өскен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлады.
Агенттік мәліметіне қарағанда, ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі жармаларға 31,3 пайыз, қантқа - 30,2 пайыз, шайға - 22,9 пайыз, картопқа - 19,8 пайыз, нанға - 15,9 пайыз, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге - 12,1 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 10,7 пайыз, салқындатылған сусындарға - 10,2 пайызды құраған.
Сонымен бірге, макарон өнімдеріне баға 9,8 пайыз, күнбағыс майына - 9,3 пайызға, жеміс және көкөніс шырындарына - 9,1 пайыз, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға - 8,6 пайыз, құс етіне - 7,7 пайыз, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге - 7,1 пайызға өскендігі белгіленді. Ал бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 20,6 пайыз, жұмыртқаға - 13 пайыз, шикі сүтке - 8,2 пайыз болды. «Бұдан бөлек, баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 13,9 пайыз, оқушылардың сөмкесіне - 13,3 пайыз, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына - 11,1 пайыз, жеке қолданатын тауарларға - 9 пайыз, тұрмыстық аспаптарға - 8,8 пайыз, автомобильдерге - 6,8 пайыз, тоқыма бұйымдарына - 6,6 пайыз, киім және аяқ киімге - 5,7 пайызды құрады.
Дизель отыны 15,9 пайыз, баллондағы сұйытылған газ - 13,4 пайызға қымбаттады», - делінген баспасөз баянында. Статистика мәліметтеріне қарағанда, есепті кезеңде баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 7,8 пайыз, мектепке дейінгі балалар мекемесінің - 7,6 пайыз, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласында - 4,1 пайыз, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 2,5 пайыз ға өскен.
Жолаушылардың әуе көлігімен жол жүру ақысы 30,6 пайыз, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігіне - 15 пайыз, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен - 8,4 пайызға жоғарылады.