ҚАРАКЕТКЕН ТҰШПАРАСЫ
Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Жанат Мырзақұлова мемлекеттік қолдау аясында тұшпара өндірісін іске қосты.
Өзінің шағын тұшпара шығару цехын кәсіпкер 2014 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында қол жеткізген несиеге ашқан, ал жыл басында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамыту бірыңғай бағдарламасына қатысып, гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім берді. Конкурстық комиссия Жанат Мырзақұлованың жобасын қолдап, 1 млн. 195 теңге қайтарымсыз грант бөлді. Грант қаражатына жеке кәсіпкер буып-қаптауға қажетті қондырғы сатып алды.
Біздің өнімдеріміз бүгінгі таңда «Қаракеткен» брендімен Қызылорда қаласындағы «Аль-Асад» және «Скиф-Трейд Small» сауда үйлерінде сатылуда, сонымен қатар Жалағаш ауданының 10-ға жуық жеке дүкендерінде де ұсынылуда. Өндіріске қажетті барлық құрылғыларға мен несиелік және гранттық қаражат арқылы қол жеткіздім және сол үшін мемлекетке алғысымды білдіремін, - дейді Жанат Мырзақұлова.
«Қаракеткен» тұшпарасына арнайы мекеменің өнімге сәйкестік сертификаты берілген және сапалы әрі жергілікті өнімге қазіргі таңда тұтынушылар тарапынан сұраныс күн санап артуда. Жанат Мырзақұлованың сөзінше, ағымдағы жылы тұшпара цехының өндірістік қуаты айына 2 тонна дайын өнім шығаруға дейін артқан.
- Біздің кәсібіміз – бұл біздің мақтанышымыз. Тұшпара өндіру цехының жұмысына менің барлық туысым мен отбасым да атсалысуда. Табанды еңбек арқасында бүгінде отбасымның әлеуметтік жағдайын түзеумен қатар, ауылдастарымды да жұмыспен қамтып отырмын. Алғашында кәсіпті нөлден бастадық және қиыншылықтар да кездесті, алайда мемлекеттік қолдау арқылы бизнесіміз жәймендеп дамуда. Өнімді шығаруды бастағанымызға тек екі жыл толғанда барып, біз буып-қаптайтын қондырғыға қол жеткіздік, соның нәтижесінде шығатын өнімнің сапасы артты. Ендігі жоспарымыз өнімді тасымалдауға қажетті автокөлікті сатып алу, ал әзірге жеткізуді жалдамалы көлікпен жүзеге асырудамыз,- дейді жеке кәсіпкер.