АРАЛДАҒЫ ТҰЗ ӨНДІРІСІ ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРІЛДІ
Мемлекеттік қолдау мен жаңа технологияның арқасында Аралдағы тұз өндірісі жаңа белеске көтерілді, - деп хабарлады «24 кз».
Кәсіпорынның қуаттылығы 2 есеге артып, 200-ден аса жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік туды. Қазір Қызылорданың тұзы көршілес Ресей мен Қырғызстанға да сатылып жатыр. Шикізат тәулік бойы тынбайтын 3 цехта өңделеді. Соның екеуі ең озық дейтін испандық технологиямен жабдықталған. Жаһандық экономикадағы қиындықтар өндірістің өрлеуіне тұсау бола алмады. Зауыт былтыр полимер, биыл тұз өңдеу цехтарын іске қосты. Жұмысшылар саны артып, мыңнан асып кетті.
Гүлнұр Әлиқұлова, зауыт жұмысшысы:
- Осы кезге дейін үйде жұмыссыз отырдым. Қазір екі ай болды жұмыс жасағаныма. Отандық өнім испандық технологиямен жұмыс жасап жатырмыз.
Арал маңында жыл сайын 200 тоннаға дейін калцийлендірілген сода шығару жобасы қолға алынуда. Ол жүзеге асса, жаңадан 700 жұмыс орны ашылады. Бұл бағытқа инвестиция құю жолдары пысықталу үстінде.