8 ЖОБАНЫҢ 3-ЕУІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сәйкес, индустрияландыру бағдарламасының ІІ бесжылдығы аясында аймақта құны 387,7 млрд. теңгені құрайтын 50 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
«Сыр бойы» газеті жазғандай, биылғы жоспар бойынша өңірлік кәсіпкерлік картасы аясында инвестиция көлемі 2 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 351 жұмыс орнын қамтамасыз ететін 8 жобаны жүзеге асырылу жоспарланған. Бүгінде оның үшеуі іске қосылды. Олар - «Газ трейд» ЖШС-нің газбен жабдықтау станциясы, «Retail A-A» ЖШС-нің нан және нан өнімдерін шығару кәсіпорны, Арал ауданындағы «Берекет» ШҚ-ның ет және ет өнімдерін өндіру цехы.