ЖОЛ БОЙЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖАНДАНДЫ
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметінше, Қызылорда қаласы мен барлық ауданның арасын жалғастырып жатқан жолдың бойында заманауи талаптарға сай келетін 33 сервистік қызмет көрсету нысанын іске қосу жоспарланған, - деп жазады «Сыр бойы» газеті.
Қазіргі таңда жалпы құны 3 млрд. 307 млн. теңге болатын 12 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 105 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Халықаралық автожол арқылы облыстың үстінен күніне шамамен 500 ауыр жүк көлігі өтсе, биыл оның саны 800-ге жетпек. Көлік дәлізіндегі автокөліктер ағынының бұлай артуы өңірде шағын және орта бизнестің өрістеуіне серпін береді. Бұған қоса, облыс халқының 93 пайызы осы күре жолдың бойында қоныс тепкен.
Ұлы жолдың бойынан биыл жалпы құны 1 млрд. 372 млн. теңге болатын 5 нысанның құрылысы жүруде. 2017 жылы жалпы құны 2 млрд. 460 млн. теңге болатын 12 нысанның құрылысын салу жоспарлануда.