АЗЫҚ-ТҮЛІК КЕЛІСІМ ШАРТ КОРПОРАЦИЯСЫ НАНҒА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН ӨҢІІРЛЕРГЕ 100 МЫҢ ТОННА АСТЫҚ ЖӨНЕЛТЕДІ
Қазақстан Республикасы экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (Мемлекеттік комиссия) 2014 жылғы 10 қыркүйектегі шешімімен 1 сұрыпты ұннан жасалған қалыпты нанға және 1 сұрыпты ұнға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы меморандумдардың әрекет ету мерзімі үстізідегі жылдың қазан айының соңына дейін ұзартылды деп хабарлайды Азық-түлік келісім шарт корпорациясы.
Мемлекеттік комиссияның 2014 жылғы ақпандағы шешімі бойынша нанға және ұнға бағаны тұрақтандыру мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) арасында тиісті меморандумдарға қол қойылғанын естеріңізге саламыз.
"Осылай, үстіміздегі жылғы қыркүйек-қазан айларында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы өңірлерге 100 мың тоннадан астам астық жөнелтуді жоспарлап отыр»,-делінген хабарламада.
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның негізгі қызметі мемлекеттік астық ресурстары мен одан қайта өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, орнын ауыстыру, сатуды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның Үкіметі белгілеген басқа да қызметтер болып табылады.
Компанияның жалғыз акционері «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ болып табылады.