АҚША МЕН МҮЛІК ЗАҢДАСТЫРУДА БЕЛСЕНДІЛІК БАЙҚАЛАДЫ
Соңғы айларда облыс тұрғындары тарапынан ақша қаражатын және Қазақстаннан тыс аумақтағы мүлкін заңдастыруда белсенділік байқалады.
Алғашқы жартыжылдық қорытындысымен мемлекеттік кірістер органдарына 107 декларация ұсынылған. Екінші деңгейлі банктерде шот ашу арқылы заңдастырылған қаражат көлемі 74 млн. 111 мың теңгені құрады. Жария етілген соманың жартысынан астамы Қызылорда қаласына тиесілі. Сонымен қатар Шиелі және Қармақшы аудандары тұрғындары тарапынан жалпы құны 18 млн. теңгеге бағаланған 2 нысан жария етілді.
Естеріңізге сала кетейік, мүлікті жария ету науқаны Қазақстанда 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталған, 2016 жылдың соңына дейін жалғасады.
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті