НЕГІЗГІ АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫ ӨЗГЕРДІ
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2014 жылдың 16-23 қыркүйегі аралығында бөлшек сауда бағаларының төмендегідей өзгерісін анықтады:
Қарастырылып отырған кезең аралығында еліміздің ешбір өңірінде ет пен сүт, бакалея өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10%-дан артық) өзгерген жоқ.
Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің жаппай пісіп жетілуі себебінен Ақтөбеде алмұрт бағасының төмендеуі байқалады. Мұнда өнім бағасы 13%-ға 392-ден 271 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Нарықтың жергілікті тауар өндірушілердің арзан өнімімен қанығуы Шымкентте жүзім бағасының23%-ға 320-дан 248 теңге/кг-ға дейін және Қостанайда 20%-ға 600-ден 480 теңге/кг-ға дейін арзандауына әкелді.
Сатылымда отандық тауар өндірушілердің арзан ашық топырақ жағдайында өсірген өнімдері мөлшерінің азаюы қызанақ бағасының Ақтөбеде 31%-ға 96-дан 126 теңге/кг-ға дейін, Оралда 29%-ға 85-тен 110 теңге/кг-ға дейін қымбаттауына себеп болды. Нарықтың жергілікті тауар өндірушілердің арзан өнімімен қанығуы себебінен Шымкент пен Павлодарда қызанақ бағасының сәйкесінше 80 (20%) және 180 (10%) теңге/кг-ға дейін арзандауы байқалады.
Маусымның аяқталуына байланысты нарықта ашық топырақ жағдайында өсірілген қиярлардың үлесі азайды. Бір апта ішінде қияр Талдықорғанда 50%-ға (101-ден 151 теңге/кг-ға дейін), Таразда 25%-ға (80-нен 100 теңге/кг-ға дейін), Қызылордада 21%-ға (140-тан 170 теңге/кг-ға дейін), Шымкентте 20%-ға (100-ден 120 теңге/кг-ға дейін), Ақтөбеде 20%-ға (167-ден 200 теңге/кг-ға дейін), Алматыда 10%-ға (242-ден 265 теңге/кг-ға дейін) қымбаттады.
Сатылымда өнім мөлшерінің артуы мен көтерме сауда бағаларының төмендеуіне байланысты Астана мен Өскеменде қияр бағасы сәйкесінше 19%-ға (331-ден 268 теңге/кг-ға дейін) және 15%-ға (416-дан 352 теңге/кг-ға дейін) арзандады.
Қостанайда пияз бағасы 13%-ға 80-нен 70 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 10%-ға 83-тен 75 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Бір апта ішінде картоп бағасы Қостанайда 13%-ға 75-тен 65 теңге/кг-ға дейін және Көкшетауда 12%-ға 60-тан 53 теңге/кг-ға дейін арзандады.Бұл жергілікті тауар өндірушілердің өнімді жаппай жинау науқанының аяқталуына және нарықтың өніммен қанығуына байланысты.
Нарықтың жергілікті тауар өндірушілердің өнімімен қанығуы сәбіздің Астанада 17%-ға (78-ден 65 теңге/кг-ға дейін), Қостанайда 16%-ға (95-тен 80 теңге/кг-ға дейін), Шымкентте 11%-ға (90-нан 80 теңге/кг-ға дейін) арзандауына себеп болды.
Сонымен бірге нарықтың жергілікті тауар өндірушілердің арзан ашық топырақ жағдайында өсірілген өнімімен қанығуы қызылша бағасының Астанада 27%-ға 113-тен 82 теңге/кг-ға дейін және Өскеменде 11%-ға 96-дан 85 теңге/кг-ға дейін төмендеуіне әкелді.
Нарықтың өніммен қанығып, тұтынушылардың сұранысы азайған соң, Астанада алхоры бағасы 21%-ға 312-ден 245 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Сатылымдағы өнім мөлшерінің ұлғаюы мен көтерме сауда бағасының 12%-ға 250-ден 220 теңге/кг-ға дейін төмендеуі себебінен Ақтауда тәтті бұрыштың бағасы 11%-ға 280-нен 250 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен көтерме сауда бағасының артуы тәтті бұрыштың Қарағандыда 16%-ға 177-ден 205 теңге/кг-ға дейін, Оралда 11%-ға 90-нан 100 теңге/кг-ға дейін, Талдықорғанда 10%-ға 100-ден 110 теңге/кг-ға дейін қымбаттауына әкелді.
Өнімді жинау маусымының аяқталуына байланысты Астанада құлпынай 10%-ға 725-тен 800 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Өнімді жинау науқанының және өнімнің пісіп жетілу кезеңінің аяқталуына байланысты Талдықорғанда қарбыз 12%-ға 42-ден 47 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Сатылымдағы өнім мөлшерінің азаюы мен көтерме сауда бағаларының артуына байланысты Астанада қауын 151 теңге/кг-ға- дейін немесе 14%-ға қымбаттады. Өскеменде сатушылардың көтерме сауда бағаларын 10%-ға 103-тен 93 теңге/кг-ға дейін төмендетуі себебінен қауын 14%-ға 161-ден 139 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Бір апта ішінде баялды бағасы сатылымдағы мөлшерінің азаюына байланысты Алматыда 32%-ға 165 теңге/кг-ға дейін, Қарағандыда 21%-ға 125 теңге/кг-ға дейін, Астанада 15%-ға 189 теңге/кг-ға дейін, Талдықорғанда 10%-ға 112 теңге/кг-ға дейін қымбаттады. Керісінше сатушылар арасында бәсекелестіктің күшеюі мен нарықтың өніммен қанығуы себебінен Ақтау мен Өскеменде баялды бағасы сәйкесінше 17%-ға 250 теңге/кг-ға дейін және 14%-ға 201 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Сатушылардың көтерме сауда бағасын төмендетуі және сатылымдағы тауар үлесінің ұлғаюы Астанада шортан бағасының бір апта ішінде 575-тен 500 теңге/кг-ға немесе 13%-ға арзандауына әкелді.
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның баспасөз қызметі