КЕЗЕКТІ ГЕРМАНИЯЛЫҚ ЭКСПЕРТ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕС МИССИЯСЫН АЯҚТАДЫ
Қызылордада тағы бір Германиялық SES-эксперт Роземари Гебке жергілікті киімөндіруші кәсіпорынға тауарлардың өтімділігін арттыруға көмек берді. Жеке кәсіпкер Раиса Жұмабайдың «Мереке» ательесі ұлттық үлгідегі костюмнан бастап мектеп формасына дейінгі түрлі киімдерді тігумен айналысады. Раиса Жұмабайдың сөзінше киім шығару саласындағы өз кәсіпкерлік қызметін 2004 жылы бастаған. Кәсіпкер өзінің көп жылдық тәжірибесіне қарамастан, өз кәсіпорнын дамыту мақсатында шетелдік эксперткөмегіне жүгінугебел буған.
Даму Қорының кеңесшілері Қызылордадағы «Бас Сарапшылар Қызметінің» ресми өкілі «ПРЭКО Қызылорда» Консалтингтік компаниясымен бірлесе отырып, Жеке кәсіпкер Раиса Жұмабайға тәжірибелі неміс экспертін шақыртуға көмек көрсетті. Өңірге шақыртылған SES-эксперт Роземари Гебке маркетинг және логистика саласындағы тәжірибелі маман болып табылады.
- SES-эксперт менің бар күткен үмітімді ақтады. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, мен кәсіпорынның кеңеюі мен өнімнің табыстылығын арттыруды жоспарладым. Сондықтанда бизнестегі жаңа деңгейге өту үшін тәжірибесі мол шетелдік маманның кеңесіне жүгіндім. Эксперт Роземари Гебке қазіргі таңда менің кәсіпорныммен бірлесіп жұмыс атқаратын қолжетімді бағадағы брэндтік киімдер шығаратын компаниялар іздестіруде және жақын арада мен Германияға келіссөздер жүргізуге барудыжоспарлап отырмын, - дейді Раиса Жұмабай.
Шетелдік маманның «Мереке» ательесіндегі экспертік миссиясы 11 күнге созылды. Жергілікті кәсіпкер осы уақыт ішінде шетелдік эксперттен шығаратын өнімді түрлендіру мен оны тиімді сату бағытында құнды кеңестер мен ұсыныстар алды. Сондай-ақ эксперт Раиса Жұмабайға компания мен персоналды басқаруды ұйымдастыру жағынан да көмек көрсетті.