«ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ШАРАСЫНЫҢ 2 КҮНІНДЕ 1 373 АЗАМАТҚА ӘКІМШІЛІК ШАРА КӨРІЛДІ
23-25 сәуір аралығында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шараның 2 күнінде әртүрлі құқық бұзушылық жасаған 1 373 азаматқа әкімшілік шара көрілді. Оның ішінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы) 123 азаматқа, қоғамдық орындар мен көшеде масаң күйде жүргені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) 117 адамға, қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) 176 адамға, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үй-жайдан тыс аумақта жүруіне жол берген (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы) 80 азаматқа әкімшілік шара көріліп, ұсақ бұзақылық жасаған 11 кәмелетке толмаған жасөспірім (ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы) жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, белгіленген жүру жылдамдығын арттырғаны үшін (592-бабы) – 142, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін (591-бабы) – 188, жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін (596-бабы) – 8, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін (593-бабы, 1-бөлігі) – 301 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін (608-бабы) 21 азамат наркологиялық сараптамадан өткізіліп, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Есепті мерзімде 33 қылмыстың беті ашылып, оның 18-і – ізі суымай ашылды. Іс-шара барысында 54 құқық бұзушы облыстық наркология орталығының интоксикация орталығына жатқызылса, 10 кәмелетке толмаған уақытша бейімдеу мекемесіне жеткізілді.
Есірткі затын сақтағаны үшін Қызылорда қаласының 38 жасар және Арал қаласының 30 жастағы азаматтары ұсталды. Оның біріншісінен 1,87 грамм және екіншісінен 65,44 грамм «кептірілген марихуана» тәркіленді. Тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Мәселен, рейд жұмыстары барысында қала көшелерінде орналасқан бейнебақылау камераларының назарына бірнеше бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен «Ниссан-Премьера» маркалы автокөлігі ілінді. Автокөлікті тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында, жүргізушінің ешқандай құжаттары жоқ екендігі анықталды. Аталған жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді.
Дәл осы күні «102» нөміріне азаматтардан түнгі тыныштықты бұзғандығы жайлы хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша оқиға орнына барған полиция қызметкерлері кешкі сауық кешін жасап жатқан бір топ 9-сынып оқушыларын анықтады. Пәтерге қарау жүргізу барысында үстелдің үстінен бірнеше бөтелке спирттік ішімдік табылды. Жасөспірімдер полиция бөлімшесіне жеткізілді, сондай-ақ ата-аналары да шақыртылды.
Сонымен қатар, рейд жұмыстары барысында қала орталығында орналасқан темір және аккумулятор қабылдайтын дүкеннен радиатор ұрлап бара жатқан жерінен бір азамат ұсталды. Қазіргі таңда тиісті тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі