ҚЫЗЫЛОРДАДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ КОМБИНАТЫ САЛЫНУДА
«РМЗ-Шапағат» ЖШС Қызылорда қаласының оңтүстік өнеркәсіптік аймағында темір-бетон бұйымдарын шығаратын тұрғын үй құрылысы комбинатын салуда.
Облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, құрылыс барысында 52 адам еңбекке тартылған. Ал комбинат іске қосылғаннан кейін 68 адамға жұмыс табылады. Қажетті технологиялық құрылғылар немістің «Weiler» компаниясынан сатып алынған. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының 96%-ы аяқталған. Нысан алдағы айда қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Назерке САНИЯЗОВА
Назерке САНИЯЗОВА