ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА САЛЫНАДЫ
Қаржылық қиындықтарға байланысты республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 45 пайызға қысқарды. Қаражат тек бұрын басталған жобаларға ғана бөлінді.
Дегенмен, Қызылорда облысына қажет әлеуметтік нысандарды салу мәселесін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешу жолдары қарастырылуда. Осы мақсатта бұған дейін облыс әкімдігі мен «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ, «Халықаралық қаржы корпорациясы» мен «Байқоңыр ӘКК» арасында меморандумға қол қойылған болатын.
Облыс әкімдігінде осы мәселелерге арналған мәжіліс өтті. Олардың қатарында облыс орталығында ауысымына 500 келушіге арналған емхана (жобаға тартылатын инвестиция көлемі - 1, млрд. теңге), келесі жоба - «СМПК-70» мөлтек ауданында салынатын 600 орындық колледж және 200 орындық жатақхана (жобаға тартылатын инвестиция көлемі – 1,9 млрд. теңге), апаттық жағдайдағы мектептердің орнына салынатын нысандар, жоба аясында 11 білім ұясы салынады деп күтілуде (жобаның құны – 4,5 млрд. теңге), Қорқыт ата әуежайның жаңа терминалының құрылысы (жобаның құны – 7,5 млрд. теңге), Сырдария ауданының тұрғындарын таза ауыз сумен қамту жобасы (жобаның құны – 1,3 млрд. теңге). Осы жобаларды жүзеге асыру, қажет құжаттарын әзірлеу жұмыстарын «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүргізу орталығы» ЖШС жүргізетін болады.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Қ.Көшербаев жауапты сала басшыларына жобаларды жүзеге асыруды мерзімінен кешіктірмеуді тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі