Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 25 қазанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Егер барлығын алдын ала ойластырып, жоспармен жұмыс жасайтын болсаңыз, ісіңіз алға басады.
Торпақ
Басыңызға үйірілген «қара бұлттан» арылып, жайдарлы күн кешесіз. Барлық шаруаңыз сәтімен аяқталады.
Егіздер
Бүгін сүйіктіңіз сізді таңқалдырады. Ойламаған жерден қуантуы мүмкін. Сіз онымен мақтанатын боласыз.
Шаян
Бүгін көп еңбектенуіңіз қажет. Жақын адамыңыз да сізге көп жұмыс тауып беруі мүмкін. Сабырлы болыңыз.
Арыстан
Бүгін бұрын жіберген қателіктеріңізді түзейтін боласыз. Не болмаса қателіктерге бой алдырмауға тырысасыз.
Бикеш
Бүгін ақыл-ойыңыз күндегіден де жылдам, әрі дұрыс жұмыс істейтін болады. Жалпы айтқанда, бүгін сізден асқан ақылды адам жоқ.
Таразы
Күтіп отыра берудің қажеті жоқ. Мүмкіндікті қолдан жіберіп алмаңыз. Егер алға қарай ұмытылсаңыз, барлығы сіздің қолыңыздан келеді.
Сарышаян
Бүгін көпшіліктің алдында жауап беруге тура келеді. Табысыңызды жасырудың қажеті жоқ.
Мерген
Мотивациялық жобаларыңыз көмектеспеуі мүмкін. Сондықтан құр қиялға берілмей, әрекет еткеніңіз жөн.
Тауешкі
Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңызды өзгертуді қалайсыз. Ол үшін мінез-құлқыңызды өзгерту қажет.
Суқұйғыш
Бүгін сүйіктіңіз тосынсый жасап, қуантуы мүмкін. Күн өткен сайын оның таңқалдыруы сізді қалың ойға қалдырады.
Балықтар
Бүгін жұмысқа деген ынтаңыз болмайды. Тапсырмаларды орындау қиынға соғып, шаршайсыз.