Қызылордада интернет форумы өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Облыстық жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылған интернет форумында аймақ жастары әлеуметтік желінің қыр-сырын меңгерді. Шараны Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Прогресс" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

«Жастарға қажеті жағдай жасау емес, мүмкіндік беру ғой. Сол мүмкіндік тудыру мәселесі, басқасы басқа, тап осы Қызылордада біздің буын 10 жыл бұрын армандамаған деңгейде қолға алынған. Нақты айтсақ, қазіргі команда жастардың бос уақытын іш пыстырып, мотивацияны өлтіретін құр науқаншылыққа емес, өзіне де, қоғамға тиімді бастамаларға, жан жақты дамуына, заман ағымына ілесуіне толық мүмкіндік тудыруды алға қойған. Үйрететін де, үйренетін де жылдан жылға көбейіп жатқан түмен-түмен жастар легін конструктивті, іскерлік бағытта баулып, соңынан ерте алатын білікті азаматтар шебі де қалыптасқан. Осы позитивті қарқын, осы динамика жастар жылы ғана емес, алдағы уақытта да екпінін жоғалтпай, жобалар толық өзін өзі реттейтін, шығынын артығымен ақтайтын деңгейге жеткенше үдей түссе екен деген тілек қана бар», - дейді Асқар Базарбай.
Шара соңында қонақтар Қызылорданың көрікті жерлерін аралады.

