Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 28 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Бүгін қызықты іспен айналысасыз. Жұмыс қиын болғанымен, оған бола мойымаңыз. Сонымен қатар серіктестеріңізге көп сенім артапаңыз. Олар сізге көмектескеннен гөрі, көп кедергі келтіруге тырысады. Бүгін тек өз жоспарыңыз бойынша жүріңіз.
Торпақ
Бүгінгі күніңіз сәтті болмақ. Алдағы күндеріңізге жоспар құрып, болашағыңыз туралы көп ойланыңыз. Жоспарларыңызды орындау үшін көп еңбек ету керек. Дегенмен осы жол арқылы сіз өз мақсатыңызға жете аласыз.
Егіздер
Қиын тапсырмаларды оңай орындайсыз. Сіздің мықтылығыңыз осы шақта сыналмақ. Мұндай тапсырманы бұған дейін ешкім орындай алмаған. Іскерлік келіссөздер оң шешімін тауып, серіктестеріңіз сіз туралы оң пікір қалыптастырады.
Шаян
Тыныш күн. Жоспарыңызды түбегейлі өзгерткен жағдайларға қорқа қараудың қажеті жоқ. Бүгін еңбек еткендер олжасыз қалмайды. Ал еріншектер өз жалқаулықтарының кесірінен дымсыз қалуы мүмкін.
Арыстан
Өзіңізге көп жүк арпаңыз. Сондай-ақ өзгелердің ісіне араласпағаныңыз жөн. Бірақ көмек сұрағандарға көмек қолын созыңыз. Сонымен қатар өзіңізге көмек керек болса, еш қысылмаңыз.
Бикеш
Ойлағаныңызға тез арада қол жеткізгіңіз келеді. Сондықтан ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысасыз. Дәл осы талпынысыңыз мақсатқа жетуге көп септігін тигізеді. Алған бетіңізден қайтпаңыз. Жұмысқа білек сыбана кірісіп, тау қопаруға да барсыз.
Таразы
Асықпаңыз және көпшіліктің көңілін өзіңізге аудармаңыз. Көпшілік сіздің бар-жоғыңызды да байқамай қалғаны өзіңізге жақсы. Тек осы сәтте ғана еркін жұмыс жасай аласыз. Ешкім сізге кедергісін келтіре алмайды.
Сарышаян
Жаңа ақпараттарға қанық боласыз. Толассыз ақпараттардың ішінен тек өзіңізге керегін ғана алып, пайдаңызға жаратыңыз. Естігендеріңіздің барлығына бірдей сене бермеңіз. Кей ақпараттар жалған болып, салдарынан опық жеп қалмаңыз.
Мерген
Өз-өзіңізді мақтан тұтасыз. Себебі өзгелердің қолынан келмеген істі атқарып, табысты боласыз. Жетістікке жетіп, жақындарыңызды қуантатын боласыз. Бұл жетістігіңіз ескерусіз қалмайды. Тіпті қаржылай сыйақы да аласыз.
Тауешкі
Күніңіз сәтті басталады. Алайда айналаңыздағы адамдардың сіз туралы айтып жүрген әңгімесін естіп, қынжыласыз. Әлдекім сіз туралы жағымсыз пікір қалдыруы мүмкін. Сондықтан бұл өсек-аяңға тосқауыл болуыңыз. Бұл жалған әңгімеге нүкте қойыңыз.
Суқұйғыш
Жұмысқа деген белсенділігіңіз артып, тың идеяларды жүзеге асыруға асығасыз. Таңертеңнен бастап-ақ жаңа идеяларыңызды қолға алып, олармен жұмыс істей бастайсыз. Кейбірі сәттіз болса да, қолдан келгенше тырысып бағыңыз. Бұл арқылы сіздің шығармашылық әлеуетіңіз дамиды.
Балықтар
Сәтті әрі, жемісті күн. Бұл күні өз күш-қуатыңызды маңызды шаруаларға жұмсап, сіз үшін ненің маңызды екенін түсіне бастайсыз. Айналаңыздағылар сізден көмек сұрайды. Сіз оларға көмек көрсетеріңіз анық. Бірақ арам ойлы жандардан бойды аулақ ұстауға тырысыңыз.