Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 27 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Денсаулығыңызға абай болыңыз. Соңғы уақытта бауырыңыз жиі мазалап жүрген сыңайлы. Майлы және тұзды тағамдардан бас тартыңыз. Спортпен шұғылданыңыз. Сонда дене бітіміңіз де, ас қорыту жүйесі де қалыпқа келеді.
Торпақ
Бүгін маңызды іскерлік кездесуді ойдағыдай өткізіп, пайдасы зор келісімге қол қоясыз. Материалдық жағдайыңыз жақсы. Дегенмен алдағы күндеріңізді де жоспарлап жүруіңіз керек.
Егіздер
Материалдық жағдайыңыз жақсарып, жұмысыңыздың да берекесі артады. Баспаналы болуды армандап жүрсеңіз, ол арманыңыздың да орындалуына аз қалды.
Шаян
Сіздің өнертапқыштығыңызға тәнті болатындар көп. Жаңа идеяларыңызды қолдайтындар табылады. Сонымен қатар сіз кез келген мәселенің шешімін таба аласыз.
Арыстан
Бүгінгі күнді тек өзіңізге арнаңыз. Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Кішігірім саяхатқа шығуға да болады. Әсіресе теңіз жағасына барып, толқындарды тамашалаңыз. Не болмаса моншаға барып, жағымсыз энергияларды сумен шайыңыз
Бикеш
Сенім артқан кейбір жобаларыңыз оң нәтиже бермеуі мүмкін. Оған бола көңіл-күйіңізді түсірмеңіз. Дегенмен жоба жүзеге аспағандықтан, қолыңызда бар қаражатты үнемдеп жұмсаңыз.
Таразы
Сізге сырттай ғашық жандардың бар назарын өзіңізге аудара аласыз. Бірақ оларға өз сезімдеріңізді толық жеткізе алмайсыз. Себебі оның алдында сіз өте дәрменсізсіз.
Сарышаян
Бүгін сіз ғашық боласыз. Осы сәттен бастап өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді. Мақсатыңыз айқындалып, өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Ішкі сезіміңізді жасырмаңыз, мұны тағдырдың сыйы деп біліңіз.
Мерген
Көптеген ұсақ-түйек тірліктер мен бітпей қалған шаруалар бүгін сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға кедергісін келтіреді. Бұл тығырықтан шығуға әріптесіңіз немесе серіктесіңіз көмектеседі. Тек бұл іске досыңызды араластырмаңыз.
Тауешкі
Сіз бүгін өзіңізге тапсырылған барлық тапсырмаларды орындап болдыңыз. Енді бүгін ешнарсеге алаңдамастан демалғаныңыз дұрыс. Жақындарыңызбен немесе басшылықпен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. Себебі ұрыс-керістен көп күш жоғалтасыз.
Сіз бүгін өзіңізге тапсырылған барлық тапсырмаларды орындап болдыңыз. Енді бүгін ешнарсеге алаңдамастан демалғаныңыз дұрыс. Жақындарыңызбен немесе басшылықпен сөзге келіп қалудан сақтаныңыз. Себебі ұрыс-керістен көп күш жоғалтасыз.
Суқұйғыш
Бүгін сіз сәнгерлердің, дизайнерлердің ақыл-кеңестеріне жүгінесіз. Бұл мамандарға сенім артқаныңызбен, емші-балгерге сенбегеніңіз жөн. Себебі халықтық ем-дом өзгелерге жақсы әсер еткенімен, сізге оң нәтиже бермейді.
Балықтар
Үй ішіндегі тірлік ешқашан біткен емес. Бүгінгі күніңіз соларды атқарумен-ақ өтеді. Сонымен қатар жақындарыңызға да сіздің көмегіңіз қажет. Сондықтан мықты болуға тырысыңыз.